Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #99 Translated in Kazakh

وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ فَتَكُونَ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Сондай-ақ, Аллаһтың аяттарын өтірікке шығарушылардан болма. Онда зиян көрушілерден боласың
إِنَّ الَّذِينَ حَقَّتْ عَلَيْهِمْ كَلِمَتُ رَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ
Ақиқатында, Раббыңның сөзі тиісті болғандар иманға келмейді
وَلَوْ جَاءَتْهُمْ كُلُّ آيَةٍ حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ
сондай қинаушы азапты көргендеріне дейін, тіпті оларға қандай бір белгі мұғжизалар келсе де
فَلَوْلَا كَانَتْ قَرْيَةٌ آمَنَتْ فَنَفَعَهَا إِيمَانُهَا إِلَّا قَوْمَ يُونُسَ لَمَّا آمَنُوا كَشَفْنَا عَنْهُمْ عَذَابَ الْخِزْيِ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَمَتَّعْنَاهُمْ إِلَىٰ حِينٍ
Йунустың елінен басқа азапты көргенде иманға келген әрі имандары пайда берген бірде-бір елді мекен болды ма? Олар иманға келген кезде, Біз олардан осы өмірде қорлық азабын кетірдік әрі оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық
وَلَوْ شَاءَ رَبُّكَ لَآمَنَ مَنْ فِي الْأَرْضِ كُلُّهُمْ جَمِيعًا ۚ أَفَأَنْتَ تُكْرِهُ النَّاسَ حَتَّىٰ يَكُونُوا مُؤْمِنِينَ
Егер Раббың қалағанда, жер жүзіндегілердің барлығы, түгелдей иманға келер еді. Ей, Мұхаммед, сен, адамдарды иманды мүмін болуға мәжбүрлейсің бе

Choose other languages: