Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #77 Translated in Kazakh

فَكَذَّبُوهُ فَنَجَّيْنَاهُ وَمَنْ مَعَهُ فِي الْفُلْكِ وَجَعَلْنَاهُمْ خَلَائِفَ وَأَغْرَقْنَا الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۖ فَانْظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُنْذَرِينَ
Сонда олар, оны өтірікші санады. Содан соң Біз оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық әрі оларды халифалар алдыңғылардың орнын басушылар еттік. Ал белгілерімізді өтірік санағандарды суға батырдық. Енді ескерту берілгендердің соңы қалай болғанына қара
ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِ رُسُلًا إِلَىٰ قَوْمِهِمْ فَجَاءُوهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَمَا كَانُوا لِيُؤْمِنُوا بِمَا كَذَّبُوا بِهِ مِنْ قَبْلُ ۚ كَذَٰلِكَ نَطْبَعُ عَلَىٰ قُلُوبِ الْمُعْتَدِينَ
Одан Нұхтан кейін елшілерді өз елдеріне жібердік. Олар елдеріне анық белгілермен келді. Алайда олар қауымы , өздері алдын өтірікке шығарған нәрселерге сенуді қаламады. Біз шектен шығушылардың жүректерін осылай бітеп, мөрлейміз
ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ مُوسَىٰ وَهَارُونَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ بِآيَاتِنَا فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا مُجْرِمِينَ
Олардан кейін Мұса мен Һарұнды Фиръаун және оның уәзір, бектеріне мұғжиза-белгілерімізбен жібердік. Алайда олар өздерін жоғары санап, менменсіді әрі олар қылмыскер адамдар еді
فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِنْدِنَا قَالُوا إِنَّ هَٰذَا لَسِحْرٌ مُبِينٌ
Оларға Бізден ақиқат келген кезде, олар: «бұл анық сиқыр», деді
قَالَ مُوسَىٰ أَتَقُولُونَ لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَكُمْ ۖ أَسِحْرٌ هَٰذَا وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُونَ
Мұса: «Сендер өздеріңе келген ақиқат жайлы осылай деп айтасыңдар ма? Осы сиқыр ма? Сиқыршылар мақсатына жетпейді», деді

Choose other languages: