Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #79 Translated in Kazakh

ثُمَّ بَعَثْنَا مِنْ بَعْدِهِمْ مُوسَىٰ وَهَارُونَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ بِآيَاتِنَا فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا مُجْرِمِينَ
Олардан кейін Мұса мен Һарұнды Фиръаун және оның уәзір, бектеріне мұғжиза-белгілерімізбен жібердік. Алайда олар өздерін жоғары санап, менменсіді әрі олар қылмыскер адамдар еді
فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِنْدِنَا قَالُوا إِنَّ هَٰذَا لَسِحْرٌ مُبِينٌ
Оларға Бізден ақиқат келген кезде, олар: «бұл анық сиқыр», деді
قَالَ مُوسَىٰ أَتَقُولُونَ لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَكُمْ ۖ أَسِحْرٌ هَٰذَا وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُونَ
Мұса: «Сендер өздеріңе келген ақиқат жайлы осылай деп айтасыңдар ма? Осы сиқыр ма? Сиқыршылар мақсатына жетпейді», деді
قَالُوا أَجِئْتَنَا لِتَلْفِتَنَا عَمَّا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا وَتَكُونَ لَكُمَا الْكِبْرِيَاءُ فِي الْأَرْضِ وَمَا نَحْنُ لَكُمَا بِمُؤْمِنِينَ
Олар: «Сен бізді ата-бабаларымыздың ұстанғанынан бұру үшін және жер бетінде жерімізде ұлылық екеуіңе болсын деп келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз», деді
وَقَالَ فِرْعَوْنُ ائْتُونِي بِكُلِّ سَاحِرٍ عَلِيمٍ
Фиръаун: «Маған барлық білгір сиқыршыларды әкеліңдер», деді

Choose other languages: