Quran Apps in many lanuages:

Surah Yunus Ayahs #106 Translated in Kazakh

فَهَلْ يَنْتَظِرُونَ إِلَّا مِثْلَ أَيَّامِ الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ قُلْ فَانْتَظِرُوا إِنِّي مَعَكُمْ مِنَ الْمُنْتَظِرِينَ
Олар өздерінен бұрынғы өткендерге келген тәрізді күндерді күтеді ме? Айт: «Күтіңдер! Мен де сендермен бірге күтушімін!» де
ثُمَّ نُنَجِّي رُسُلَنَا وَالَّذِينَ آمَنُوا ۚ كَذَٰلِكَ حَقًّا عَلَيْنَا نُنْجِ الْمُؤْمِنِينَ
Содан кейін Біз елшілерімізді және иманға келгендерді құтқарамыз. Осылай, имандыларды мүміндерді құтқару Біздің міндетіміз
قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنْ كُنْتُمْ فِي شَكٍّ مِنْ دِينِي فَلَا أَعْبُدُ الَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَٰكِنْ أَعْبُدُ اللَّهَ الَّذِي يَتَوَفَّاكُمْ ۖ وَأُمِرْتُ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Ей, адамдар! Егер сендер менің дінімнен күмәнда болсаңдар, мен сендердің Аллаһтан өзге табынатындарыңа табынбаймын, алайда мен сендердің жандарыңды алатын Аллаһқа құлшылық етемін әрі мен имандылардан мүміндерден болуға бұйырылдым», деп
وَأَنْ أَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған түрде, жүзінді хақ дінге бұр. Әрі Аллаһпен қатар, өзгелерге табынушылардан мүшріктерден болма
وَلَا تَدْعُ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُكَ وَلَا يَضُرُّكَ ۖ فَإِنْ فَعَلْتَ فَإِنَّكَ إِذًا مِنَ الظَّالِمِينَ
Аллаһтан өзге саған пайда да, зиян да келтіре алмайтын нәрсеге жалбарынба. Егер олай істесең, онда әлбетте әділетсіздерден боласың

Choose other languages: