Quran Apps in many lanuages:

Surah Ya-Seen Ayahs #18 Translated in Kazakh

إِذْ أَرْسَلْنَا إِلَيْهِمُ اثْنَيْنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزْنَا بِثَالِثٍ فَقَالُوا إِنَّا إِلَيْكُمْ مُرْسَلُونَ
Біз оларға елшінің екеуін жібергенімізде, олар кент халқы екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз ол екеуін үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз сендерге жіберілген елшілерміз», деді
قَالُوا مَا أَنْتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَمَا أَنْزَلَ الرَّحْمَٰنُ مِنْ شَيْءٍ إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا تَكْذِبُونَ
Кент халқы : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман аса Қайырымды ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», деді
قَالُوا رَبُّنَا يَعْلَمُ إِنَّا إِلَيْكُمْ لَمُرْسَلُونَ
Елшілер : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз
وَمَا عَلَيْنَا إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Әрі Бізге жүктелгені анық түрде жеткізу ғана»,-деді
قَالُوا إِنَّا تَطَيَّرْنَا بِكُمْ ۖ لَئِنْ لَمْ تَنْتَهُوا لَنَرْجُمَنَّكُمْ وَلَيَمَسَّنَّكُمْ مِنَّا عَذَابٌ أَلِيمٌ
Кент халқы : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», деді

Choose other languages: