Quran Apps in many lanuages:

Surah Ya-Seen Ayahs #15 Translated in Kazakh

إِنَّمَا تُنْذِرُ مَنِ اتَّبَعَ الذِّكْرَ وَخَشِيَ الرَّحْمَٰنَ بِالْغَيْبِ ۖ فَبَشِّرْهُ بِمَغْفِرَةٍ وَأَجْرٍ كَرِيمٍ
Негізінде, сен Ескертуге Құранға ерген және әр-Рахманнан аса Қайырымдыдан , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле
إِنَّا نَحْنُ نُحْيِي الْمَوْتَىٰ وَنَكْتُبُ مَا قَدَّمُوا وَآثَارَهُمْ ۚ وَكُلَّ شَيْءٍ أَحْصَيْنَاهُ فِي إِمَامٍ مُبِينٍ
Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін істеген амалдарын және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада Ләухул-Махфузда Ш есептеп қойдық
وَاضْرِبْ لَهُمْ مَثَلًا أَصْحَابَ الْقَرْيَةِ إِذْ جَاءَهَا الْمُرْسَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді
إِذْ أَرْسَلْنَا إِلَيْهِمُ اثْنَيْنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزْنَا بِثَالِثٍ فَقَالُوا إِنَّا إِلَيْكُمْ مُرْسَلُونَ
Біз оларға елшінің екеуін жібергенімізде, олар кент халқы екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз ол екеуін үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз сендерге жіберілген елшілерміз», деді
قَالُوا مَا أَنْتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا وَمَا أَنْزَلَ الرَّحْمَٰنُ مِنْ شَيْءٍ إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا تَكْذِبُونَ
Кент халқы : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман аса Қайырымды ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», деді

Choose other languages: