Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #75 Translated in Kazakh

قَالَ آمَنْتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُ لَكَبِيرُكُمُ الَّذِي عَلَّمَكُمُ السِّحْرَ ۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ فِي جُذُوعِ النَّخْلِ وَلَتَعْلَمُنَّ أَيُّنَا أَشَدُّ عَذَابًا وَأَبْقَىٰ
Фиръаун : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді
قَالُوا لَنْ نُؤْثِرَكَ عَلَىٰ مَا جَاءَنَا مِنَ الْبَيِّنَاتِ وَالَّذِي فَطَرَنَا ۖ فَاقْضِ مَا أَنْتَ قَاضٍ ۖ إِنَّمَا تَقْضِي هَٰذِهِ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا
Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың
إِنَّا آمَنَّا بِرَبِّنَا لِيَغْفِرَ لَنَا خَطَايَانَا وَمَا أَكْرَهْتَنَا عَلَيْهِ مِنَ السِّحْرِ ۗ وَاللَّهُ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ
Ақиқатында,біз Раббымызға сендік, Оның қателерімізді әрі сен мәжбүр еткен сиқырымызды кешіруі үшін. Әрі Аллаһ қайырлы және мәңгілік
إِنَّهُ مَنْ يَأْتِ رَبَّهُ مُجْرِمًا فَإِنَّ لَهُ جَهَنَّمَ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ
Кім Раббысына қылмыскер күнәһар болған күйде келсе, оғанкүмәнсіз, Жаһаннам бар. Ол онда не өлмейді, не өмір де сүрмейді
وَمَنْ يَأْتِهِ مُؤْمِنًا قَدْ عَمِلَ الصَّالِحَاتِ فَأُولَٰئِكَ لَهُمُ الدَّرَجَاتُ الْعُلَىٰ
Ал, кім Оған иманды мүмін болып, ізгі амал істеген күйде келсе, міне соларға ең биік дәрежелер

Choose other languages: