Quran Apps in many lanuages:

Surah Ta-Ha Ayahs #71 Translated in Kazakh

فَأَوْجَسَ فِي نَفْسِهِ خِيفَةً مُوسَىٰ
Мұса іштей бір қорқыныш сезді
قُلْنَا لَا تَخَفْ إِنَّكَ أَنْتَ الْأَعْلَىٰ
Біз: «Қорықпа! Сен әлбетте үстем боласың
وَأَلْقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوا ۖ إِنَّمَا صَنَعُوا كَيْدُ سَاحِرٍ ۖ وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُ حَيْثُ أَتَىٰ
Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», дедік
فَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سُجَّدًا قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ هَارُونَ وَمُوسَىٰ
Сонда сиқыршылар, сәждеге жығылып: «Біз Һарұн мен Мұсаның Раббысына сендік»,- деді
قَالَ آمَنْتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُ لَكَبِيرُكُمُ الَّذِي عَلَّمَكُمُ السِّحْرَ ۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ فِي جُذُوعِ النَّخْلِ وَلَتَعْلَمُنَّ أَيُّنَا أَشَدُّ عَذَابًا وَأَبْقَىٰ
Фиръаун : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді

Choose other languages: