Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #8 Translated in Kazakh

لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
Бұл иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар
وَالَّذِينَ سَعَوْا فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مِنْ رِجْزٍ أَلِيمٌ
Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар
وَيَرَى الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ الَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ هُوَ الْحَقَّ وَيَهْدِي إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا هَلْ نَدُلُّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ يُنَبِّئُكُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمْ لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ
Ал күпірлік етушілер Қайта тірілуді теріске шығаратындар : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды жаңадан қайта жаратылатындарыңды хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе
أَفْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَمْ بِهِ جِنَّةٌ ۗ بَلِ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ فِي الْعَذَابِ وَالضَّلَالِ الْبَعِيدِ
Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге ақиретке сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда

Choose other languages: