Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #7 Translated in Kazakh

وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَا تَأْتِينَا السَّاعَةُ ۖ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتَأْتِيَنَّكُمْ عَالِمِ الْغَيْبِ ۖ لَا يَعْزُبُ عَنْهُ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ وَلَا أَصْغَرُ مِنْ ذَٰلِكَ وَلَا أَكْبَرُ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ
Ал, сондай күпірлік етушілер Қайта тірілуді мойындамайтындар : «Бізге Сағат Қайта тірілу келмейді», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені ғайыпты білуші Раббыммен ант етемін! Ол Қайта тірілу күні сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, бәрі де анық Кітапта жазулы ,- деп
لِيَجْزِيَ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَرِزْقٌ كَرِيمٌ
Бұл иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар
وَالَّذِينَ سَعَوْا فِي آيَاتِنَا مُعَاجِزِينَ أُولَٰئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ مِنْ رِجْزٍ أَلِيمٌ
Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар
وَيَرَى الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ الَّذِي أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ هُوَ الْحَقَّ وَيَهْدِي إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا هَلْ نَدُلُّكُمْ عَلَىٰ رَجُلٍ يُنَبِّئُكُمْ إِذَا مُزِّقْتُمْ كُلَّ مُمَزَّقٍ إِنَّكُمْ لَفِي خَلْقٍ جَدِيدٍ
Ал күпірлік етушілер Қайта тірілуді теріске шығаратындар : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды жаңадан қайта жаратылатындарыңды хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе

Choose other languages: