Quran Apps in many lanuages:

Surah Saba Ayahs #28 Translated in Kazakh

قُلْ مَنْ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قُلِ اللَّهُ ۖ وَإِنَّا أَوْ إِيَّاكُمْ لَعَلَىٰ هُدًى أَوْ فِي ضَلَالٍ مُبِينٍ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, ал біріміз анық адасудамыз», де
قُلْ لَا تُسْأَلُونَ عَمَّا أَجْرَمْنَا وَلَا نُسْأَلُ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Айт: «Сендер біздің қылмысымыз жайлы сұралмайсыңдар әрі біз де сендердің істегендерің жайлы сұралмаймыз»,- деп
قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِالْحَقِّ وَهُوَ الْفَتَّاحُ الْعَلِيمُ
Айт: «Раббымыз бізді Қайта тірілу күні бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол әділ үкім етуші, бәрін Білуші», деп
قُلْ أَرُونِيَ الَّذِينَ أَلْحَقْتُمْ بِهِ شُرَكَاءَ ۖ كَلَّا ۚ بَلْ هُوَ اللَّهُ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана», деп
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا كَافَّةً لِلنَّاسِ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Біз сені бүкіл адамзатқа қуанышты хабар жеткізуші және ескертіп сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді

Choose other languages: