Quran Apps in many lanuages:

Surah Muhammad Ayahs #34 Translated in Kazakh

وَلَوْ نَشَاءُ لَأَرَيْنَاكَهُمْ فَلَعَرَفْتَهُمْ بِسِيمَاهُمْ ۚ وَلَتَعْرِفَنَّهُمْ فِي لَحْنِ الْقَوْلِ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ أَعْمَالَكُمْ
Ей, Мұхаммед! Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен нышандарынан танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен мағынасынан танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі
وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ حَتَّىٰ نَعْلَمَ الْمُجَاهِدِينَ مِنْكُمْ وَالصَّابِرِينَ وَنَبْلُوَ أَخْبَارَكُمْ
Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да сөздері мен амалдарыңды сынаймыз
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَشَاقُّوا الرَّسُولَ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ الْهُدَىٰ لَنْ يَضُرُّوا اللَّهَ شَيْئًا وَسَيُحْبِطُ أَعْمَالَهُمْ
Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер иманға келмегендер және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол Аллаһ олардың амалдарын бекер етеді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَلَا تُبْطِلُوا أَعْمَالَكُمْ
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар және амалдарыңды зая кетірмеңдер
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ مَاتُوا وَهُمْ كُفَّارٌ فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ
Анығында, сондай күпірлік еткен иманға келуден бас тартқан және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді

Choose other languages: