Quran Apps in many lanuages:

Surah Maryam Ayahs #58 Translated in Kazakh

وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِسْمَاعِيلَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صَادِقَ الْوَعْدِ وَكَانَ رَسُولًا نَبِيًّا
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді
وَكَانَ يَأْمُرُ أَهْلَهُ بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ وَكَانَ عِنْدَ رَبِّهِ مَرْضِيًّا
Ол үй-ішін намазға оны орындауға және зекетке парыз, нәпіл садақа беруге бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді
وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ إِدْرِيسَ ۚ إِنَّهُ كَانَ صِدِّيقًا نَبِيًّا
Ей, Мұхаммед! Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді
وَرَفَعْنَاهُ مَكَانًا عَلِيًّا
Біз оны жоғары орынға көтердік
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ مِنْ ذُرِّيَّةِ آدَمَ وَمِمَّنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍ وَمِنْ ذُرِّيَّةِ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْرَائِيلَ وَمِمَّنْ هَدَيْنَا وَاجْتَبَيْنَا ۚ إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُ الرَّحْمَٰنِ خَرُّوا سُجَّدًا وَبُكِيًّا ۩
Міне осылар Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның аса Қайырымдының аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады

Choose other languages: