Quran Apps in many lanuages:

Surah Luqman Ayahs #32 Translated in Kazakh

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ إِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ۗ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ بَصِيرٌ
Сендерді жарату және қайта тірілту бір жанды жаратып, тірілту секілді ғана. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші Самиъ , бәрін Көруші Басир
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُولِجُ اللَّيْلَ فِي النَّهَارِ وَيُولِجُ النَّهَارَ فِي اللَّيْلِ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ كُلٌّ يَجْرِي إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى وَأَنَّ اللَّهَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Аллаһтың түнді күндізге кіргізіп, ал күндізді түнге кіргізетінін көрмедің бе? Әрі күн мен айды құлдарының пайдасы үшін бағынышты еткенін, олардың әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады, сондай-ақ Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар екенін
ذَٰلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِنْ دُونِهِ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ
Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ әл-Хақ күмәнсіз Ақиқат , ал олардың Одан өзге шақыратындары табынып жалбарынатындары жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ аса Жоғары, өте Үлкен
أَلَمْ تَرَ أَنَّ الْفُلْكَ تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِنِعْمَتِ اللَّهِ لِيُرِيَكُمْ مِنْ آيَاتِهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِكُلِّ صَبَّارٍ شَكُورٍ
Ей, Мұхаммед! Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер үшін белгілер бар
وَإِذَا غَشِيَهُمْ مَوْجٌ كَالظُّلَلِ دَعَوُا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ فَلَمَّا نَجَّاهُمْ إِلَى الْبَرِّ فَمِنْهُمْ مُقْتَصِدٌ ۚ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا كُلُّ خَتَّارٍ كَفُورٍ
Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін құлшылықтарын шын ықыласпен серік қосу, риядан тазартып тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді Одан тілеп, жалбарынады .Ал қашан оларды құрлыққа шығарып құтқарған соң, олардың кейбірі шүкірліктерін кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші шүкіршілік етпеуші ғана теріске шығарады

Choose other languages: