Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #49 Translated in Kazakh

وَسَكَنْتُمْ فِي مَسَاكِنِ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ وَتَبَيَّنَ لَكُمْ كَيْفَ فَعَلْنَا بِهِمْ وَضَرَبْنَا لَكُمُ الْأَمْثَالَ
Әрі сендер өздеріне әділетсіздік істегендердің мекендерінде жұрттарында тұрдыңдар және оларға не жасағанымыз сендерге белгілі болды. Әрі сендерге мысал-тәмсілдер келтірдік», деп жауап беріледі
وَقَدْ مَكَرُوا مَكْرَهُمْ وَعِنْدَ اللَّهِ مَكْرُهُمْ وَإِنْ كَانَ مَكْرُهُمْ لِتَزُولَ مِنْهُ الْجِبَالُ
Олар өздерінше қулық • жасады. Егер айла-шарғылары тауларды жылжытса да, олардың барлық айла-шарғылары Аллаһтың билігінде
فَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ مُخْلِفَ وَعْدِهِ رُسُلَهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ ذُو انْتِقَامٍ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ елшілеріне берген Өзінің уәдесін бұзады деп ойлама. Ақиқатында, Аллаһ өте Үстем, жазалау күшіне Ие
يَوْمَ تُبَدَّلُ الْأَرْضُ غَيْرَ الْأَرْضِ وَالسَّمَاوَاتُ ۖ وَبَرَزُوا لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ
Ол Қиямет күні жер басқа жерге ауыстырылады, сондай-ақ, аспандар да. Олардың барлығы Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһтың алдында тұрады
وَتَرَى الْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذٍ مُقَرَّنِينَ فِي الْأَصْفَادِ
Әрі ол күні сен қылмыскерлердің шынжырлармен бір-біріне қосақталып байланғанын көресің

Choose other languages: