Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #50 Translated in Kazakh

وَقَدْ مَكَرُوا مَكْرَهُمْ وَعِنْدَ اللَّهِ مَكْرُهُمْ وَإِنْ كَانَ مَكْرُهُمْ لِتَزُولَ مِنْهُ الْجِبَالُ
Олар өздерінше қулық • жасады. Егер айла-шарғылары тауларды жылжытса да, олардың барлық айла-шарғылары Аллаһтың билігінде
فَلَا تَحْسَبَنَّ اللَّهَ مُخْلِفَ وَعْدِهِ رُسُلَهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ ذُو انْتِقَامٍ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ елшілеріне берген Өзінің уәдесін бұзады деп ойлама. Ақиқатында, Аллаһ өте Үстем, жазалау күшіне Ие
يَوْمَ تُبَدَّلُ الْأَرْضُ غَيْرَ الْأَرْضِ وَالسَّمَاوَاتُ ۖ وَبَرَزُوا لِلَّهِ الْوَاحِدِ الْقَهَّارِ
Ол Қиямет күні жер басқа жерге ауыстырылады, сондай-ақ, аспандар да. Олардың барлығы Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһтың алдында тұрады
وَتَرَى الْمُجْرِمِينَ يَوْمَئِذٍ مُقَرَّنِينَ فِي الْأَصْفَادِ
Әрі ол күні сен қылмыскерлердің шынжырлармен бір-біріне қосақталып байланғанын көресің
سَرَابِيلُهُمْ مِنْ قَطِرَانٍ وَتَغْشَىٰ وُجُوهَهُمُ النَّارُ
Олардың киімдері шайырдан смоладан болып, ал беттерін от орайды

Choose other languages: