Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #41 Translated in Kazakh

رَبَّنَا إِنِّي أَسْكَنْتُ مِنْ ذُرِّيَّتِي بِوَادٍ غَيْرِ ذِي زَرْعٍ عِنْدَ بَيْتِكَ الْمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُوا الصَّلَاةَ فَاجْعَلْ أَفْئِدَةً مِنَ النَّاسِ تَهْوِي إِلَيْهِمْ وَارْزُقْهُمْ مِنَ الثَّمَرَاتِ لَعَلَّهُمْ يَشْكُرُونَ
Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан бір бөлігін қасиетті етілген Үйіңнің Қағбаның жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері берген игіліктеріңе алғыс білдіру үшін оларды жемістермен ризықтандыр
رَبَّنَا إِنَّكَ تَعْلَمُ مَا نُخْفِي وَمَا نُعْلِنُ ۗ وَمَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ
Раббымыз! Ақиқатында, Сен біздің нені жасыратынымыз, нені жария ететінімізді білесің. Жерде де, аспанда да еш нәрсе Аллаһтан жасырын қалмайды
الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي وَهَبَ لِي عَلَى الْكِبَرِ إِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبِّي لَسَمِيعُ الدُّعَاءِ
Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші
رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ
Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал
رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ
Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі

Choose other languages: