Quran Apps in many lanuages:

Surah Hud Ayahs #18 Translated in Kazakh

فَإِلَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّمَا أُنْزِلَ بِعِلْمِ اللَّهِ وَأَنْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُسْلِمُونَ
Егер олар шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда оның Құранның Аллаһтың білімімен түсірілгендігін әрі Одан басқа құдайдың жоқ екендігін біліңдер. Енді бойсұнбайсыңдар ма?» деп
مَنْ كَانَ يُرِيدُ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَالَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ
Кім осы өмірді және оның сән-салтанатын қаласа, оларға онда осы дүниеде амалдарын толық қайтарамыз әрі оларға кемітілмейді
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ إِلَّا النَّارُ ۖ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا فِيهَا وَبَاطِلٌ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте Оттан басқа еш нәрсе болмайды. Олардың ондағы дүниедегі жасағандары жойылады әрі істегендері босқа кетеді
أَفَمَنْ كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّهِ وَيَتْلُوهُ شَاهِدٌ مِنْهُ وَمِنْ قَبْلِهِ كِتَابُ مُوسَىٰ إِمَامًا وَرَحْمَةً ۚ أُولَٰئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۚ وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ مِنَ الْأَحْزَابِ فَالنَّارُ مَوْعِدُهُ ۚ فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةٍ مِنْهُ ۚ إِنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Раббысынан келген Құран және оған Оның тарапынан бір куә Жәбрейіл ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы Тәурат куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар міне солар оған Құранға сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған Құранға күпірлік етсе сенбесе, қарсы келсе , оның уәделі орны От. Ей, Мұхаммед, сондықтан одан Құраннан күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا ۚ أُولَٰئِكَ يُعْرَضُونَ عَلَىٰ رَبِّهِمْ وَيَقُولُ الْأَشْهَادُ هَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ كَذَبُوا عَلَىٰ رَبِّهِمْ ۚ أَلَا لَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الظَّالِمِينَ
Аллаһ туралы өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Солар қайта тірілу күні өздерінің Раббысының алдына қойылады әрі куәгерлер: «Өздерінің Раббысы туралы өтірік айтқандар осылар», дейді. Біліңдер, Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге болады

Choose other languages: