Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #62 Translated in Kazakh

وَمَا يَسْتَوِي الْأَعْمَىٰ وَالْبَصِيرُ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَلَا الْمُسِيءُ ۚ قَلِيلًا مَا تَتَذَكَّرُونَ
Соқыр мен көре алатын тең бола алмайды. Сондай-ақ иманға келген және ізгі амал жасаушылар мен жамандық істеуші де. Сендер қандай аз еске аласыңдар
إِنَّ السَّاعَةَ لَآتِيَةٌ لَا رَيْبَ فِيهَا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Ақиқатында, Сағат Қайта тірілу күні сөзсіз келеді, онда күмән жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді
وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ ۚ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
Сендердің Раббың: «Мені шақырыңдар Менен сұраңдар , жауап беремін тілектеріңді қабыл етемін . Ақиқатында, Маған Құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйлерінде Жаһаннамға кіреді», деді
اللَّهُ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَالنَّهَارَ مُبْصِرًا ۚ إِنَّ اللَّهَ لَذُو فَضْلٍ عَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
Сендерге түнді онда тынығуларың үшін, ал күндізді жарық етіп жасаған Сол Аллаһ. Ақиқатында Аллаһ, адамдар үшін кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді Раббысының берген игіліктеріне алғыс, ризалық білдірмейді
ذَٰلِكُمُ اللَّهُ رَبُّكُمْ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Міне, осы Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы, сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда, сендер қайда бұрылып барасыңдар

Choose other languages: