Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #47 Translated in Kazakh

لَا جَرَمَ أَنَّمَا تَدْعُونَنِي إِلَيْهِ لَيْسَ لَهُ دَعْوَةٌ فِي الدُّنْيَا وَلَا فِي الْآخِرَةِ وَأَنَّ مَرَدَّنَا إِلَى اللَّهِ وَأَنَّ الْمُسْرِفِينَ هُمْ أَصْحَابُ النَّارِ
Шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің ойдан құрастырған құдайларың дүниеде де, соңғы, мәңгілік өмірде де ақиретте бірнәрсе сұрауға лайықты емес. Әрі күмәнсіз, қайтуымыз -Аллаһқа. Әрі сөзсіз, шектен шыққандар, олар Отқа түсетіндер
فَسَتَذْكُرُونَ مَا أَقُولُ لَكُمْ ۚ وَأُفَوِّضُ أَمْرِي إِلَى اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ بَصِيرٌ بِالْعِبَادِ
Жақында сендер осы айтқандарымды еске аласыңдар. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші»,- деді
فَوَقَاهُ اللَّهُ سَيِّئَاتِ مَا مَكَرُوا ۖ وَحَاقَ بِآلِ فِرْعَوْنَ سُوءُ الْعَذَابِ
Аллаһ оны олардың айла-шарғыларының жамандықтарынан қорғады. Ал фиръаундықтарды жаман азап орап алды
النَّارُ يُعْرَضُونَ عَلَيْهَا غُدُوًّا وَعَشِيًّا ۖ وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ أَدْخِلُوا آلَ فِرْعَوْنَ أَشَدَّ الْعَذَابِ
Ол от. Олар таңертең және кешке қа­рай оған кігізіледі. Ал, Сағат Қайта тірілу келген күні: «Фиръаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» делінеді
وَإِذْ يَتَحَاجُّونَ فِي النَّارِ فَيَقُولُ الضُّعَفَاءُ لِلَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا كُنَّا لَكُمْ تَبَعًا فَهَلْ أَنْتُمْ مُغْنُونَ عَنَّا نَصِيبًا مِنَ النَّارِ
Әрі олар Оттың ішінде тартысып, әлсіз, нашарлары өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге еріп едік. Енді сендер бізден Оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» дейді

Choose other languages: