Quran Apps in many lanuages:

Surah Ghafir Ayahs #40 Translated in Kazakh

وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَا هَامَانُ ابْنِ لِي صَرْحًا لَعَلِّي أَبْلُغُ الْأَسْبَابَ
Фиръаун: «Ей, Һаман! Маған биік бір мұнара тұрғыз. Бәлкімжолдарға жетермін
أَسْبَابَ السَّمَاوَاتِ فَأَطَّلِعَ إِلَىٰ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُ كَاذِبًا ۚ وَكَذَٰلِكَ زُيِّنَ لِفِرْعَوْنَ سُوءُ عَمَلِهِ وَصُدَّ عَنِ السَّبِيلِ ۚ وَمَا كَيْدُ فِرْعَوْنَ إِلَّا فِي تَبَابٍ
аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы жаман істері көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес
وَقَالَ الَّذِي آمَنَ يَا قَوْمِ اتَّبِعُونِ أَهْدِكُمْ سَبِيلَ الرَّشَادِ
Иманға келген кісі: «Әй, елім! Маған еріңдер, мен сендерді тура жолға бастаймын
يَا قَوْمِ إِنَّمَا هَٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا مَتَاعٌ وَإِنَّ الْآخِرَةَ هِيَ دَارُ الْقَرَارِ
Әй, елім! Бұл өмір бар болғаны уақытша ғана пайдаланатын нәрсе, ал соңғы, мәңгілік өмір ақирет- түпкілікті тұрақтау мекені
مَنْ عَمِلَ سَيِّئَةً فَلَا يُجْزَىٰ إِلَّا مِثْلَهَا ۖ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَأُولَٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ يُرْزَقُونَ فِيهَا بِغَيْرِ حِسَابٍ
Кім бір жамандық істесе, онда оған қайтарымы ретінде соның өзіндей ғана жаза беріледі. Иманға келген күйде ізгі амал жасаған ерлер мен әйелдер, міне солар жәннатқа кіреді әрі ол жерде есепсіз ризыққа бөленеді

Choose other languages: