Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #37 Translated in Kazakh

وَمَنْ أَحْسَنُ قَوْلًا مِمَّنْ دَعَا إِلَى اللَّهِ وَعَمِلَ صَالِحًا وَقَالَ إِنَّنِي مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен мұсылмандарданмын», деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады
وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ۚ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ
Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. Жамандықты ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады
وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمٍ
Бұған осы сипатқа тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді
وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Ал, қашан саған шайтаннан назг азғыру, жамандыққа итермелеу болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ бәрін Естуші , әл-’Алим бәрін Білуші
وَمِنْ آيَاتِهِ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ ۚ لَا تَسْجُدُوا لِلشَّمْسِ وَلَا لِلْقَمَرِ وَاسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي خَلَقَهُنَّ إِنْ كُنْتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ
Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар

Choose other languages: