Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #38 Translated in Kazakh

وَلَا تَسْتَوِي الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ۚ ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِي بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ
Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. Жамандықты ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады
وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمٍ
Бұған осы сипатқа тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді
وَإِمَّا يَنْزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Ей, Мұхаммед! Ал, қашан саған шайтаннан назг азғыру, жамандыққа итермелеу болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ бәрін Естуші , әл-’Алим бәрін Білуші
وَمِنْ آيَاتِهِ اللَّيْلُ وَالنَّهَارُ وَالشَّمْسُ وَالْقَمَرُ ۚ لَا تَسْجُدُوا لِلشَّمْسِ وَلَا لِلْقَمَرِ وَاسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي خَلَقَهُنَّ إِنْ كُنْتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ
Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар
فَإِنِ اسْتَكْبَرُوا فَالَّذِينَ عِنْدَ رَبِّكَ يُسَبِّحُونَ لَهُ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَهُمْ لَا يَسْأَمُونَ ۩
Ал, егер олар кәпірлер өздерін жоғары қойып, тәкаппарланса, біліңдер Раббыңның қасындағылар періштелер түнде және күндіз Оны барлық кемшіліктен пәк деп ұлықтайды әрі олар құлшылық етуден жалықпайды

Choose other languages: