Quran Apps in many lanuages:

Surah Fussilat Ayahs #15 Translated in Kazakh

ثُمَّ اسْتَوَىٰ إِلَى السَّمَاءِ وَهِيَ دُخَانٌ فَقَالَ لَهَا وَلِلْأَرْضِ ائْتِيَا طَوْعًا أَوْ كَرْهًا قَالَتَا أَتَيْنَا طَائِعِينَ
Кейін, Ол түтін бу күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», деді
فَقَضَاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ فِي يَوْمَيْنِ وَأَوْحَىٰ فِي كُلِّ سَمَاءٍ أَمْرَهَا ۚ وَزَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَابِيحَ وَحِفْظًا ۚ ذَٰلِكَ تَقْدِيرُ الْعَزِيزِ الْعَلِيمِ
Әрі Ол Аллаһ оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді реттеп бекітті . Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі
فَإِنْ أَعْرَضُوا فَقُلْ أَنْذَرْتُكُمْ صَاعِقَةً مِثْلَ صَاعِقَةِ عَادٍ وَثَمُودَ
Ей, Мұхаммед! Егер де олар кәпірлер теріс бұрылса: «Мен сендерді Ад пен Сәмүд еліне келген саъиқа секілді саъиқаны ескерттім», деп айт
إِذْ جَاءَتْهُمُ الرُّسُلُ مِنْ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا اللَّهَ ۖ قَالُوا لَوْ شَاءَ رَبُّنَا لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً فَإِنَّا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ
Оларға елшілері алдынан да, артынан да жан-жағынан келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», деді
فَأَمَّا عَادٌ فَاسْتَكْبَرُوا فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَقَالُوا مَنْ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةً ۖ أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَهُمْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُمْ قُوَّةً ۖ وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ
Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды

Choose other languages: