Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #45 Translated in Kazakh

إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَنْ تَزُولَا ۚ وَلَئِنْ زَالَتَا إِنْ أَمْسَكَهُمَا مِنْ أَحَدٍ مِنْ بَعْدِهِ ۚ إِنَّهُ كَانَ حَلِيمًا غَفُورًا
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды Аллаһтан кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді
وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ لَئِنْ جَاءَهُمْ نَذِيرٌ لَيَكُونُنَّ أَهْدَىٰ مِنْ إِحْدَى الْأُمَمِ ۖ فَلَمَّا جَاءَهُمْ نَذِيرٌ مَا زَادَهُمْ إِلَّا نُفُورًا
Әрі олар, егер өздеріне бір ескертуші келсе, онда пайғамбар жіберілген барлық үмметтерге қарағанда тура жолда болатындарына, анттарының ең ұлысымен Аллаһпен ант ішкен еді. Ал, өздеріне ескертуші келген кезде, бұл олардың жиренулерін ғана арттырды
اسْتِكْبَارًا فِي الْأَرْضِ وَمَكْرَ السَّيِّئِ ۚ وَلَا يَحِيقُ الْمَكْرُ السَّيِّئُ إِلَّا بِأَهْلِهِ ۚ فَهَلْ يَنْظُرُونَ إِلَّا سُنَّتَ الْأَوَّلِينَ ۚ فَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّتِ اللَّهِ تَبْدِيلًا ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّتِ اللَّهِ تَحْوِيلًا
жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында үкімінде өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында үкімінде ауытқу таппайсың
أَوَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَكَانُوا أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعْجِزَهُ مِنْ شَيْءٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلَا فِي الْأَرْضِ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَلِيمًا قَدِيرًا
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы
وَلَوْ يُؤَاخِذُ اللَّهُ النَّاسَ بِمَا كَسَبُوا مَا تَرَكَ عَلَىٰ ظَهْرِهَا مِنْ دَابَّةٍ وَلَٰكِنْ يُؤَخِّرُهُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۖ فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ كَانَ بِعِبَادِهِ بَصِيرًا
Егер де Аллаһ адамдарды істегендері күнәлары үшін жазалайтын болса, онда оның жердің бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде есепке тартылады .Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші

Choose other languages: