Quran Apps in many lanuages:

Surah Fatir Ayahs #7 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ ۚ هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَيْرُ اللَّهِ يَرْزُقُكُمْ مِنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ فَأَنَّىٰ تُؤْفَكُونَ
Ей, адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бұрылып барасыңдар
وَإِنْ يُكَذِّبُوكَ فَقَدْ كُذِّبَتْ رُسُلٌ مِنْ قَبْلِكَ ۚ وَإِلَى اللَّهِ تُرْجَعُ الْأُمُورُ
Ей, Мұхаммед! Егер олар сені өтірікші санаса, негізінде сенен бұрынғы елшілер де өтірікші саналған. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ ۖ فَلَا تَغُرَّنَّكُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا ۖ وَلَا يَغُرَّنَّكُمْ بِاللَّهِ الْغَرُورُ
Ей, адамдар! Әлбетте Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше сендерді мына дүние тіршілігі азғырып, алдап қоймасын. Әрі азғырып, алдаушы шайтан да сендерді Аллаһ жайында алдап қоймасын
إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا ۚ إِنَّمَا يَدْعُو حِزْبَهُ لِيَكُونُوا مِنْ أَصْحَابِ السَّعِيرِ
Ақиқатында, шайтан сендерге жау, сондықтан оны жау тұтыңдар. Ол өз тобын оған ерушілерді Саъирға кіргізілетіндер қатарында болуға шақырады
الَّذِينَ كَفَرُوا لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ ۖ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ كَبِيرٌ
Сондай күпірлік етушілерге иманды теріске шығарушыларға қатты азап бар. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім әрі үлкен сый бар

Choose other languages: