Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #34 Translated in Kazakh

إِنَّكَ مَيِّتٌ وَإِنَّهُمْ مَيِّتُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, сен өлушісің бұл дүниеден өтушісің , олар да өлуші
ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عِنْدَ رَبِّكُمْ تَخْتَصِمُونَ
Кейін сендер Қиямет күні өздеріңнің Раббыңның алдында тартысасыңдар
فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ كَذَبَ عَلَى اللَّهِ وَكَذَّبَ بِالصِّدْقِ إِذْ جَاءَهُ ۚ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوًى لِلْكَافِرِينَ
Аллаһқа қатысты өтірік айтқаннан және өзіне шындық келген кезде оны жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? кәпірлердің орны Жаһаннамда емес пе
وَالَّذِي جَاءَ بِالصِّدْقِ وَصَدَّقَ بِهِ ۙ أُولَٰئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ
Ал шындықты алып келген және оны хақ деп мойындағандар міне, солар нағыз тақуалар Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар
لَهُمْ مَا يَشَاءُونَ عِنْدَ رَبِّهِمْ ۚ ذَٰلِكَ جَزَاءُ الْمُحْسِنِينَ
Оларға өздерінің Раббысында қалағандары бар. Бұл ықыласпен жақсылық істеушілерге берілетін қайтарым сый

Choose other languages: