Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #21 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ اجْتَنَبُوا الطَّاغُوتَ أَنْ يَعْبُدُوهَا وَأَنَابُوا إِلَى اللَّهِ لَهُمُ الْبُشْرَىٰ ۚ فَبَشِّرْ عِبَادِ
Тағуттан оған табынудан аулақ болған және Аллаһқа әрдайым қайтушыларға тәубе еткендерге қуанышты хабар бар. Құлдарыма қуанышты хабарды жеткіз
الَّذِينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ أَحْسَنَهُ ۚ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ هَدَاهُمُ اللَّهُ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمْ أُولُو الْأَلْبَابِ
сондай, сөздерді тыңдап, оның ең жақсысына Құран мен сүннетке еретін. Міне, осылар Аллаһтың Өзі тура жолмен жүргізгендері. Әрі дәл осылар ақыл иелері
أَفَمَنْ حَقَّ عَلَيْهِ كَلِمَةُ الْعَذَابِ أَفَأَنْتَ تُنْقِذُ مَنْ فِي النَّارِ
Ей, Мұхаммед Өздеріне азап сөзі міндетті болған біреуді Оттағы біреуді сен құтқара аласың ба
لَٰكِنِ الَّذِينَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ لَهُمْ غُرَفٌ مِنْ فَوْقِهَا غُرَفٌ مَبْنِيَّةٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ وَعْدَ اللَّهِ ۖ لَا يُخْلِفُ اللَّهُ الْمِيعَادَ
Бірақ, тақуаларға Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларға биік жайлар бар, оның үстінен және биік жайлар тұрғызылған. Ал астынан өзендер ағып жатады. Аллаһтың уәде еткені осы. Аллаһ уәдені бұзбайды
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَسَلَكَهُ يَنَابِيعَ فِي الْأَرْضِ ثُمَّ يُخْرِجُ بِهِ زَرْعًا مُخْتَلِفًا أَلْوَانُهُ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَاهُ مُصْفَرًّا ثُمَّ يَجْعَلُهُ حُطَامًا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكْرَىٰ لِأُولِي الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, ғибрат бар

Choose other languages: