Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #63 Translated in Kazakh

وَلَوْ أَنَّهُمْ رَضُوا مَا آتَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ سَيُؤْتِينَا اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَرَسُولُهُ إِنَّا إِلَى اللَّهِ رَاغِبُونَ
Олардың Аллаһ және Оның Елшісінің өздеріне бергеніне разы болуы әрі: «Бізге Аллаһ жеткілікті. Жақында Аллаһ бізге Өз кеңшілігінен береді және Оның Елшісі де. Анығында, біз Аллаһқа қарай ұмтылушымыз!» деп айтулары қайырлы еді
إِنَّمَا الصَّدَقَاتُ لِلْفُقَرَاءِ وَالْمَسَاكِينِ وَالْعَامِلِينَ عَلَيْهَا وَالْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي الرِّقَابِ وَالْغَارِمِينَ وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ وَابْنِ السَّبِيلِ ۖ فَرِيضَةً مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Анығында, садақалар зекеттер жоқ-жітікке, кедейлерге және оған зекетті жинауға қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға ислам дінін жаңа қабылдағандарға , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және жолда қалған жолаушыға, Аллаһ тарапынан белгіленген бір парыз ретінде, осыларға тән. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَمِنْهُمُ الَّذِينَ يُؤْذُونَ النَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنٌ ۚ قُلْ أُذُنُ خَيْرٍ لَكُمْ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَيُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِينَ وَرَحْمَةٌ لِلَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ ۚ وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Олардың мұнафиқтардың ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол құлақ»,- деп айтатындар бар. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ол сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға мүміндерге сенеді және сендерден иманға келгендер үшін бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», деп
يَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَكُمْ لِيُرْضُوكُمْ وَاللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَقُّ أَنْ يُرْضُوهُ إِنْ كَانُوا مُؤْمِنِينَ
Олар мұнафиқтар сендерді разы қылу үшін Аллаһпен ант ішеді. Егер олар иманды мүмін болған болса, Аллаһ және Оның Елшісі, олардың разы етулеріне көбірек құқылы
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّهُ مَنْ يُحَادِدِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَأَنَّ لَهُ نَارَ جَهَنَّمَ خَالِدًا فِيهَا ۚ ذَٰلِكَ الْخِزْيُ الْعَظِيمُ
Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгенге, ішінде мәңгі қалатын Жаһаннам оты бар екенін білмей ме? Міне, осы өте үлкен қорлық

Choose other languages: