Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #47 Translated in Kazakh

عَفَا اللَّهُ عَنْكَ لِمَ أَذِنْتَ لَهُمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَتَعْلَمَ الْكَاذِبِينَ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ сені кешірсін. Сен, шын сөзділер анықталмайынша әрі өтірікшілерді білмейінше, не үшін оларға жорықтанқалуға рұқсат бердің
لَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Аллаһ жолында дүниелері және жандарымен күресу үшін Аллаһқа және Ақирет күніне сенушілер қалу үшін сенен сұранбайды. Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды Білуші
إِنَّمَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَارْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ
Негізінде, сенен Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтіндер әрі жүректері күмәнданғандар ғана сұранады. Сөйтіп олар өздерінің күмәндарындаекіұдай болып жүреді
وَلَوْ أَرَادُوا الْخُرُوجَ لَأَعَدُّوا لَهُ عُدَّةً وَلَٰكِنْ كَرِهَ اللَّهُ انْبِعَاثَهُمْ فَثَبَّطَهُمْ وَقِيلَ اقْعُدُوا مَعَ الْقَاعِدِينَ
Егер олар мұнафиқтар шығуды қаласа, ол үшін бір дайындық көрер еді. Алайда, Аллаһ олардың шыққанын ұнатпай, бөгеді. Сондай-ақ оларға : «Отырушылармен бірге отырыңдар», делінді
لَوْ خَرَجُوا فِيكُمْ مَا زَادُوكُمْ إِلَّا خَبَالًا وَلَأَوْضَعُوا خِلَالَكُمْ يَبْغُونَكُمُ الْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّاعُونَ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
Егер олар сендермен бірге шыққанда да бұзып-бүлдіруден басқаны арттырмас еді және сендерге іріткі салуға ұмтылып, араларыңда асығып жүретін еді. Сендердің іштеріңде оларға құлақ асатындар да бар. Ал, Аллаһ әділетсіздерді жақсы Білуші

Choose other languages: