Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #46 Translated in Kazakh

لَوْ كَانَ عَرَضًا قَرِيبًا وَسَفَرًا قَاصِدًا لَاتَّبَعُوكَ وَلَٰكِنْ بَعُدَتْ عَلَيْهِمُ الشُّقَّةُ ۚ وَسَيَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَوِ اسْتَطَعْنَا لَخَرَجْنَا مَعَكُمْ يُهْلِكُونَ أَنْفُسَهُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ
Ей, Мұхаммед! Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар мұнафиқтар саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі
عَفَا اللَّهُ عَنْكَ لِمَ أَذِنْتَ لَهُمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَتَعْلَمَ الْكَاذِبِينَ
Ей, Мұхаммед! Аллаһ сені кешірсін. Сен, шын сөзділер анықталмайынша әрі өтірікшілерді білмейінше, не үшін оларға жорықтанқалуға рұқсат бердің
لَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ يُجَاهِدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنْفُسِهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالْمُتَّقِينَ
Аллаһ жолында дүниелері және жандарымен күресу үшін Аллаһқа және Ақирет күніне сенушілер қалу үшін сенен сұранбайды. Аллаһ тақуаларды Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды Білуші
إِنَّمَا يَسْتَأْذِنُكَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَارْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ
Негізінде, сенен Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтіндер әрі жүректері күмәнданғандар ғана сұранады. Сөйтіп олар өздерінің күмәндарындаекіұдай болып жүреді
وَلَوْ أَرَادُوا الْخُرُوجَ لَأَعَدُّوا لَهُ عُدَّةً وَلَٰكِنْ كَرِهَ اللَّهُ انْبِعَاثَهُمْ فَثَبَّطَهُمْ وَقِيلَ اقْعُدُوا مَعَ الْقَاعِدِينَ
Егер олар мұнафиқтар шығуды қаласа, ол үшін бір дайындық көрер еді. Алайда, Аллаһ олардың шыққанын ұнатпай, бөгеді. Сондай-ақ оларға : «Отырушылармен бірге отырыңдар», делінді

Choose other languages: