Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #17 Translated in Kazakh

أَلَا تُقَاتِلُونَ قَوْمًا نَكَثُوا أَيْمَانَهُمْ وَهَمُّوا بِإِخْرَاجِ الرَّسُولِ وَهُمْ بَدَءُوكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍ ۚ أَتَخْشَوْنَهُمْ ۚ فَاللَّهُ أَحَقُّ أَنْ تَخْشَوْهُ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Анттарын бұзған әрі Елшіні шығаруды көздеген және өздері алдымен бастаған елмен соғыспайсыңдар ма? Олардан қорқасыңдар ма? Иманға келген болсаңдар, қорқуларыңа Аллаһ қана лайықты
قَاتِلُوهُمْ يُعَذِّبْهُمُ اللَّهُ بِأَيْدِيكُمْ وَيُخْزِهِمْ وَيَنْصُرْكُمْ عَلَيْهِمْ وَيَشْفِ صُدُورَ قَوْمٍ مُؤْمِنِينَ
Олармен соғысыңдар! Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптайды, қорлыққа салады және оларға қарсы сендерге жәрдем береді. Әрі Ол иманға келген адамдардың көкіректеріндегіні айықтырады
وَيُذْهِبْ غَيْظَ قُلُوبِهِمْ ۗ وَيَتُوبُ اللَّهُ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
және олардың жүректеріндегі ашу-ызаны кетіреді. Аллаһ Өзі қалаған жанды күнәсінен бойсұнуға қайтарады тәубеге келтіреді . Әрі Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
أَمْ حَسِبْتُمْ أَنْ تُتْرَكُوا وَلَمَّا يَعْلَمِ اللَّهُ الَّذِينَ جَاهَدُوا مِنْكُمْ وَلَمْ يَتَّخِذُوا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَلَا رَسُولِهِ وَلَا الْمُؤْمِنِينَ وَلِيجَةً ۚ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ
Әлде сендер Аллаһ араларындағы күресуші болғандарды әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен, сондай-ақ, иманға келгендерден өзгені сүйеніш тұтпағандарды анықтамай тұрып, өз бетімізше қалдырыламыз деп есептедіңдер ме? Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
مَا كَانَ لِلْمُشْرِكِينَ أَنْ يَعْمُرُوا مَسَاجِدَ اللَّهِ شَاهِدِينَ عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ بِالْكُفْرِ ۚ أُولَٰئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ وَفِي النَّارِ هُمْ خَالِدُونَ
Мүшріктер Аллаһқа серік қосушылар өздерінің қарсылықтарына куәлік келтіре тұрып, Аллаһтың мешіттерін жандандыруға лайықты емес. Міне, солардың амалдары зая кетті әрі олар – Отта мәңгі қалушылар

Choose other languages: