Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #106 Translated in Kazakh

وَآخَرُونَ اعْتَرَفُوا بِذُنُوبِهِمْ خَلَطُوا عَمَلًا صَالِحًا وَآخَرَ سَيِّئًا عَسَى اللَّهُ أَنْ يَتُوبَ عَلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Сондай-ақ күнәларын мойындаған басқа адамдар да бар. Олар түзу істі жаман іспен араластырған еді. Аллаһ олардың тәубелерін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтуларын қабыл етеді. Сөзсіз, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
خُذْ مِنْ أَمْوَالِهِمْ صَدَقَةً تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِمْ بِهَا وَصَلِّ عَلَيْهِمْ ۖ إِنَّ صَلَاتَكَ سَكَنٌ لَهُمْ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ей, Мұхаммед! Сен олардың дүниелерінен садақа зекет ал. Онымен оларды тазартасың әрі оларды берекелендіресің. Олар үшін тілек тіле. Ақиқатында сенің тілегің олар үшін тынышталып орнығу. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ هُوَ يَقْبَلُ التَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِ وَيَأْخُذُ الصَّدَقَاتِ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Олар Аллаһтың Өзіқұлдарынан олардың істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл ететіндігін әрі садақаларды қабыл алатындығын және тәубені Қабыл етуші де , ерекше Мейірімді де сол Аллаһтың Өзі екендігін білмеді ме
وَقُلِ اعْمَلُوا فَسَيَرَى اللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ وَالْمُؤْمِنُونَ ۖ وَسَتُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Әрі айт: «Амал істеңдер, Аллаһ амалдарыңды көреді әрі Оның Елшісі мен мүміндер де. Сондай-ақ, жақында сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп
وَآخَرُونَ مُرْجَوْنَ لِأَمْرِ اللَّهِ إِمَّا يُعَذِّبُهُمْ وَإِمَّا يَتُوبُ عَلَيْهِمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Сондай-ақ жорықтан қалушылардың ішінде басқа біреулер де бар. Аллаһ олар жайлы үкім бергенге дейін Оларға қатысты шешім! кешіктіріледі. Ол оларды не азаптайды, не істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл етеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана

Choose other languages: