Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Talaq Ayahs #4 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِذَا طَلَّقْتُمُ النِّسَاءَ فَطَلِّقُوهُنَّ لِعِدَّتِهِنَّ وَأَحْصُوا الْعِدَّةَ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ رَبَّكُمْ ۖ لَا تُخْرِجُوهُنَّ مِنْ بُيُوتِهِنَّ وَلَا يَخْرُجْنَ إِلَّا أَنْ يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُبَيِّنَةٍ ۚ وَتِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ ۚ وَمَنْ يَتَعَدَّ حُدُودَ اللَّهِ فَقَدْ ظَلَمَ نَفْسَهُ ۚ لَا تَدْرِي لَعَلَّ اللَّهَ يُحْدِثُ بَعْدَ ذَٰلِكَ أَمْرًا
Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында бекітілген күту мерзімінде талақ етіңдер және идданы күту мерзімін есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан Оның тыйымдарынан қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы Аллаһтың белгілеген шектері. Кім Аллаһтың шектерінен тыйымдарынан аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер
فَإِذَا بَلَغْنَ أَجَلَهُنَّ فَأَمْسِكُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ أَوْ فَارِقُوهُنَّ بِمَعْرُوفٍ وَأَشْهِدُوا ذَوَيْ عَدْلٍ مِنْكُمْ وَأَقِيمُوا الشَّهَادَةَ لِلَّهِ ۚ ذَٰلِكُمْ يُوعَظُ بِهِ مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا
Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды құпталған бойынша қалдырыңдар немесе олармен құпталған бойынша ажырасыңдар әрі араларыңнан әділ болған екі ер адамды куә етіңдер және куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар. Аллаһқа және Ақирет күніне сенгенге осымен насихат етіледі. Кім Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды
وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ ۚ وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ ۚ إِنَّ اللَّهَ بَالِغُ أَمْرِهِ ۚ قَدْ جَعَلَ اللَّهُ لِكُلِّ شَيْءٍ قَدْرًا
Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаһқа жүгініп, Оған ісін тапсырса тәуекел етсе , Ол оған жеткілікті. Ақиқатында Аллаһ ісін соңына жеткізуші. Аллаһ әрбір нәрсеге өлшем белгілеген
وَاللَّائِي يَئِسْنَ مِنَ الْمَحِيضِ مِنْ نِسَائِكُمْ إِنِ ارْتَبْتُمْ فَعِدَّتُهُنَّ ثَلَاثَةُ أَشْهُرٍ وَاللَّائِي لَمْ يَحِضْنَ ۚ وَأُولَاتُ الْأَحْمَالِ أَجَلُهُنَّ أَنْ يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ ۚ وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مِنْ أَمْرِهِ يُسْرًا
әйелдеріңнен етеккірден күдер үзгендерінен, егер күмәндансаңдар, олардың иддасы үш ай және етеккірі жоқтардың да. Ал жүкті әйелдердің иддасы құрсақтарындағыны босанғандарына дейін. Кім Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтанса, Ол оған ісін жеңілдетеді

Choose other languages: