Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tahrim Ayahs #5 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ ۖ تَبْتَغِي مَرْضَاتَ أَزْوَاجِكَ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын қалап, неге Аллаһтың өзіңе рұқсат еткеніне тыйым саласың. Ал, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
قَدْ فَرَضَ اللَّهُ لَكُمْ تَحِلَّةَ أَيْمَانِكُمْ ۚ وَاللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ
Аллаһ сендерге анттарыңнан азат болудың жолын бекітті. Аллаһ сендердің Қамқоршыларың. Ол бәрін Білуші, аса Дана
وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِيُّ إِلَىٰ بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا فَلَمَّا نَبَّأَتْ بِهِ وَأَظْهَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ عَرَّفَ بَعْضَهُ وَأَعْرَضَ عَنْ بَعْضٍ ۖ فَلَمَّا نَبَّأَهَا بِهِ قَالَتْ مَنْ أَنْبَأَكَ هَٰذَا ۖ قَالَ نَبَّأَنِيَ الْعَلِيمُ الْخَبِيرُ
Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол әйелі сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған елшіге білдірді. Ол Пайғамбар оның кейбірін әйеліне айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, әйелі «Мұны саған кім хабарлады?» деді. Ол: «Маған бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар хабарлады», деді
إِنْ تَتُوبَا إِلَى اللَّهِ فَقَدْ صَغَتْ قُلُوبُكُمَا ۖ وَإِنْ تَظَاهَرَا عَلَيْهِ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ مَوْلَاهُ وَجِبْرِيلُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَالْمَلَائِكَةُ بَعْدَ ذَٰلِكَ ظَهِيرٌ
Екеуің істеген күнәләріңе шына­йы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар тәубе етсеңдер , өйткені сендердің жүректерің ауытқыды. Ал, егер оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, ақиқатында, Аллаһ оның Қамқоршысы әрі Жәбірейіл мен иманға келгендердің ізгілері оның досы. Ал, одан кейін періштелер де оған көмектесуші
عَسَىٰ رَبُّهُ إِنْ طَلَّقَكُنَّ أَنْ يُبْدِلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِنْكُنَّ مُسْلِمَاتٍ مُؤْمِنَاتٍ قَانِتَاتٍ تَائِبَاتٍ عَابِدَاتٍ سَائِحَاتٍ ثَيِّبَاتٍ وَأَبْكَارًا
Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иманды, бағынушы, істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушы тәубе етуші , құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, тұрмыста болған жесір не күйеуден қайтқан және тұрмыс құрмағандарды ауыстырып береді

Choose other languages: