Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #40 Translated in Kazakh

وَإِذَا أَذَقْنَا النَّاسَ رَحْمَةً فَرِحُوا بِهَا ۖ وَإِنْ تُصِبْهُمْ سَيِّئَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ إِذَا هُمْ يَقْنَطُونَ
Қашан адамдарға мейірім таттырсақ, олар оған қуанады. Ал егер оларға қолдарымен істегендері салдарынан бір жамандық келсе, олар сол бойда үмітсіздікке түседі
أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Олар Аллаһтың ризықты кімге қаласа кеңітіп не тарылтатынын көрмеді ме? Ақиқатында Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
فَآتِ ذَا الْقُرْبَىٰ حَقَّهُ وَالْمِسْكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لِلَّذِينَ يُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Туысқанға өз хақысын бер әрі жарлыға да және жолда қалып қойғанға да. Аллаһтың дидарын ақиретте көруді қалағандар үшін осы қайырлы. Міне, солар -мұратына жететіндер
وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ رِبًا لِيَرْبُوَ فِي أَمْوَالِ النَّاسِ فَلَا يَرْبُو عِنْدَ اللَّهِ ۖ وَمَا آتَيْتُمْ مِنْ زَكَاةٍ تُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُضْعِفُونَ
Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің еселенеді міне, солар сауабы еселеніп артатындар
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُمْ ثُمَّ رَزَقَكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ۖ هَلْ مِنْ شُرَكَائِكُمْ مَنْ يَفْعَلُ مِنْ ذَٰلِكُمْ مِنْ شَيْءٍ ۚ سُبْحَانَهُ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Аллаһ, Ол сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді жандарыңды алады , кейін сендерді Есеп күні қайта тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол барлық кемшіліктен пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

Choose other languages: