Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #25 Translated in Kazakh

وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар
وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ
Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар
وَمِنْ آيَاتِهِ مَنَامُكُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَابْتِغَاؤُكُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ
Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін ризықтарыңды іздеулерің де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
وَمِنْ آيَاتِهِ يُرِيكُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَيُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَيُحْيِي بِهِ الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَعْقِلُونَ
Әрі сендерге найзағайды қорқуларың және үміт етулерің үшін көрсетуі және аспаннан су түсіріп, онымен жерді өлгенінен тіршіліксіз қалғанынан кейін қайта тірілтуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында Мұнда ақылын істетіп, ұғынатын адамдар үшін дәлелдер бар
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ تَقُومَ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ بِأَمْرِهِ ۚ ثُمَّ إِذَا دَعَاكُمْ دَعْوَةً مِنَ الْأَرْضِ إِذَا أَنْتُمْ تَخْرُجُونَ
Әрі аспан және жердің Оның әмірімен тұруы Оның белгілерінен. Кейін Ол сендерді қиямет күні шақырғанда, сендер сол сәтте жерден қайта тіріліп шығасыңдар

Choose other languages: