Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rum Ayahs #23 Translated in Kazakh

يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَيُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ وَكَذَٰلِكَ تُخْرَجُونَ
Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін қайта жандандырып тірілтеді. Сендер де осылай қабірден қайта тірілтіліп шығарыласыңдар
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ إِذَا أَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ
Әрі сендерді топырақтан жаратқаны және кейін сендердің адам адамзат болып таралуларың Оның белгілерінің бірі
وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَ لَكُمْ مِنْ أَنْفُسِكُمْ أَزْوَاجًا لِتَسْكُنُوا إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُمْ مَوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ
Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар
وَمِنْ آيَاتِهِ خَلْقُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافُ أَلْسِنَتِكُمْ وَأَلْوَانِكُمْ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِلْعَالِمِينَ
Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар
وَمِنْ آيَاتِهِ مَنَامُكُمْ بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَابْتِغَاؤُكُمْ مِنْ فَضْلِهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَسْمَعُونَ
Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін ризықтарыңды іздеулерің де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

Choose other languages: