Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #12 Translated in Kazakh

اللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنْثَىٰ وَمَا تَغِيضُ الْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُ ۖ وَكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بِمِقْدَارٍ
Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі
عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ الْكَبِيرُ الْمُتَعَالِ
Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары
سَوَاءٌ مِنْكُمْ مَنْ أَسَرَّ الْقَوْلَ وَمَنْ جَهَرَ بِهِ وَمَنْ هُوَ مُسْتَخْفٍ بِاللَّيْلِ وَسَارِبٌ بِالنَّهَارِ
Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да Оған бәрі бірдей
لَهُ مُعَقِّبَاتٌ مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ يَحْفَظُونَهُ مِنْ أَمْرِ اللَّهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا مَا بِأَنْفُسِهِمْ ۗ وَإِذَا أَرَادَ اللَّهُ بِقَوْمٍ سُوءًا فَلَا مَرَدَّ لَهُ ۚ وَمَا لَهُمْ مِنْ دُونِهِ مِنْ وَالٍ
Оның әрбір адамның алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат одан айрылмай жүретін періштелер пбар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ
هُوَ الَّذِي يُرِيكُمُ الْبَرْقَ خَوْفًا وَطَمَعًا وَيُنْشِئُ السَّحَابَ الثِّقَالَ
Ол Аллаһ! сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді әрі ауыр бұлттарды пайда қылады

Choose other languages: