Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #64 Translated in Kazakh

إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَإِذَا كَانُوا مَعَهُ عَلَىٰ أَمْرٍ جَامِعٍ لَمْ يَذْهَبُوا حَتَّىٰ يَسْتَأْذِنُوهُ ۚ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَأْذِنُونَكَ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ فَإِذَا اسْتَأْذَنُوكَ لِبَعْضِ شَأْنِهِمْ فَأْذَنْ لِمَنْ شِئْتَ مِنْهُمْ وَاسْتَغْفِرْ لَهُمُ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ақиқатында имандылар мүміндер Аллаһқа және Оның Елшісіне сенген адамдар. Олар онымен пайғамбармен бірге ортақ жұмыста болғанда, одан рұқсат сұрамай кетпейді. Ей, Мұхаммед! Анығында сенен рұқсат сұрайтындар міне солар Аллаһқа және Оның Елшісіне сенгендер. Олар сенен өздерінің істері үшін рұқсат сұраса, олардан өзің қалағаныңа рұқсат бер және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لَا تَجْعَلُوا دُعَاءَ الرَّسُولِ بَيْنَكُمْ كَدُعَاءِ بَعْضِكُمْ بَعْضًا ۚ قَدْ يَعْلَمُ اللَّهُ الَّذِينَ يَتَسَلَّلُونَ مِنْكُمْ لِوَاذًا ۚ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Елшінің шақыруын өзара бір-біріңді шақыру секілді етпеңдер. Аллаһ сендердің іштеріңнен пайғамбардың жиналысынан жасырынып, ұрлана шығып кететіндерді біледі. Оның бұйрығын орындамайтындар өздеріне бір сынақтың келуінен не күйзелтуші азаптың келуінен сақтансын
أَلَا إِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قَدْ يَعْلَمُ مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ وَيَوْمَ يُرْجَعُونَ إِلَيْهِ فَيُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Біліңдер, аспандардағы және жердегі нәрселер Аллаһтікі. Ол сендердің нені ұстанғандарыңды жағдайларыңды біледі. Әрі Өзіне қайтарылған күні, Ол оларға істегендерінің хабарын береді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: