Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #64 Translated in Kazakh

لَيْسَ عَلَى الْأَعْمَىٰ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْأَعْرَجِ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْمَرِيضِ حَرَجٌ وَلَا عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ أَنْ تَأْكُلُوا مِنْ بُيُوتِكُمْ أَوْ بُيُوتِ آبَائِكُمْ أَوْ بُيُوتِ أُمَّهَاتِكُمْ أَوْ بُيُوتِ إِخْوَانِكُمْ أَوْ بُيُوتِ أَخَوَاتِكُمْ أَوْ بُيُوتِ أَعْمَامِكُمْ أَوْ بُيُوتِ عَمَّاتِكُمْ أَوْ بُيُوتِ أَخْوَالِكُمْ أَوْ بُيُوتِ خَالَاتِكُمْ أَوْ مَا مَلَكْتُمْ مَفَاتِحَهُ أَوْ صَدِيقِكُمْ ۚ لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَأْكُلُوا جَمِيعًا أَوْ أَشْتَاتًا ۚ فَإِذَا دَخَلْتُمْ بُيُوتًا فَسَلِّمُوا عَلَىٰ أَنْفُسِكُمْ تَحِيَّةً مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُبَارَكَةً طَيِّبَةً ۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Соқырға күнә емес және ақсаққа да күнә емес әрі ауруға да күнә емес әрі сендерге де өз үйлеріңнен, не әкелеріңнің үйлерінен, не аналарыңның үйлерінен, не бауырларыңның үйлерінен, не әпке-қарындастарыңның үйлерінен, не әкелеріңнің бауырларының үйлерінен, не әкелеріңнің әпке-қарындастарының үйлерінен, не нағашыларыңның үйлерінен, не нағашы апайларыңның үйлерінен, не кілттеріне сендерге сеніп тапсырылып өздерің ие болған үйлерден , не достарыңның үйлерінен тамақ жеулерің айып емес. Сендердің бірге немесе жеке тамақтануларыңда кінә жоқ. Үйлерге кіргенде, Аллаһтан болған берекелі әрі игі амандасу сөздермен «Ассаламу ъалайкум» -/ деп. Өздеріңе бір-біріңе бейбітшілік-амандық тілеңдер. Ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَإِذَا كَانُوا مَعَهُ عَلَىٰ أَمْرٍ جَامِعٍ لَمْ يَذْهَبُوا حَتَّىٰ يَسْتَأْذِنُوهُ ۚ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَأْذِنُونَكَ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۚ فَإِذَا اسْتَأْذَنُوكَ لِبَعْضِ شَأْنِهِمْ فَأْذَنْ لِمَنْ شِئْتَ مِنْهُمْ وَاسْتَغْفِرْ لَهُمُ اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ақиқатында имандылар мүміндер Аллаһқа және Оның Елшісіне сенген адамдар. Олар онымен пайғамбармен бірге ортақ жұмыста болғанда, одан рұқсат сұрамай кетпейді. Ей, Мұхаммед! Анығында сенен рұқсат сұрайтындар міне солар Аллаһқа және Оның Елшісіне сенгендер. Олар сенен өздерінің істері үшін рұқсат сұраса, олардан өзің қалағаныңа рұқсат бер және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لَا تَجْعَلُوا دُعَاءَ الرَّسُولِ بَيْنَكُمْ كَدُعَاءِ بَعْضِكُمْ بَعْضًا ۚ قَدْ يَعْلَمُ اللَّهُ الَّذِينَ يَتَسَلَّلُونَ مِنْكُمْ لِوَاذًا ۚ فَلْيَحْذَرِ الَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنْ أَمْرِهِ أَنْ تُصِيبَهُمْ فِتْنَةٌ أَوْ يُصِيبَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Елшінің шақыруын өзара бір-біріңді шақыру секілді етпеңдер. Аллаһ сендердің іштеріңнен пайғамбардың жиналысынан жасырынып, ұрлана шығып кететіндерді біледі. Оның бұйрығын орындамайтындар өздеріне бір сынақтың келуінен не күйзелтуші азаптың келуінен сақтансын
أَلَا إِنَّ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ قَدْ يَعْلَمُ مَا أَنْتُمْ عَلَيْهِ وَيَوْمَ يُرْجَعُونَ إِلَيْهِ فَيُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا ۗ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Біліңдер, аспандардағы және жердегі нәрселер Аллаһтікі. Ол сендердің нені ұстанғандарыңды жағдайларыңды біледі. Әрі Өзіне қайтарылған күні, Ол оларға істегендерінің хабарын береді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: