Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #55 Translated in Kazakh

إِنَّمَا كَانَ قَوْلَ الْمُؤْمِنِينَ إِذَا دُعُوا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ لِيَحْكُمَ بَيْنَهُمْ أَنْ يَقُولُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا ۚ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Имандылар мүміндер Аллаһқа және Оның Елшісіне араларына ол үкім беруі үшін шақырылғанда: «Естідік және бойсұндық», деп қана айтады. Міне, осылар мұраттарына бақытына жетушілер
وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَخْشَ اللَّهَ وَيَتَّقْهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ
Әрі кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі Аллаһтан қорықса және Одан сақтанса, солар жеңіске жетушілер
وَأَقْسَمُوا بِاللَّهِ جَهْدَ أَيْمَانِهِمْ لَئِنْ أَمَرْتَهُمْ لَيَخْرُجُنَّ ۖ قُلْ لَا تُقْسِمُوا ۖ طَاعَةٌ مَعْرُوفَةٌ ۚ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ
Ал, олар мұнафиқтар , егер бұйырсаң, міндетті түрде жорыққа шығатындары туралы Аллаһпен қатты ант ішеді. Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ант ішпеңдер. Бұлай бойсұну белгілі. Анығында, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар», деп
قُلْ أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ ۖ فَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا عَلَيْهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَيْكُمْ مَا حُمِّلْتُمْ ۖ وَإِنْ تُطِيعُوهُ تَهْتَدُوا ۚ وَمَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Айт: «Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар»,- деп. Егер олар теріс бұрылса, оған елшіге өзіне жүктелгені ғана, ал сендер­ге өздеріңе жүктелгені. Егер оған бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер. Елшінің міндеті тек, анық жеткізу ғана
وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَيَسْتَخْلِفَنَّهُمْ فِي الْأَرْضِ كَمَا اسْتَخْلَفَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَلَيُمَكِّنَنَّ لَهُمْ دِينَهُمُ الَّذِي ارْتَضَىٰ لَهُمْ وَلَيُبَدِّلَنَّهُمْ مِنْ بَعْدِ خَوْفِهِمْ أَمْنًا ۚ يَعْبُدُونَنِي لَا يُشْرِكُونَ بِي شَيْئًا ۚ وَمَنْ كَفَرَ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ
Аллаһ сендерден иманға келген және ізгі амал істегендерді олардан бұрын өткендерді жер бетінде басқарушы еткені секілді, оларды да жер бетінде басқарушы ететінін әрі олар үшін Өзі құптаған дінді нығайтатынынжәне қорқыныштарын қауіпсіздікпен алмастыратынын уәде етті. «Олар Маған құлшылық етеді және Маған еш нәрсені серік етіп қоспайды. Ал кім осыдан кейін күпірлік етсе қарсы келсе , міне солар бұзықтар бойсұнбаушылар »

Choose other languages: