Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #43 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ كَفَرُوا أَعْمَالُهُمْ كَسَرَابٍ بِقِيعَةٍ يَحْسَبُهُ الظَّمْآنُ مَاءً حَتَّىٰ إِذَا جَاءَهُ لَمْ يَجِدْهُ شَيْئًا وَوَجَدَ اللَّهَ عِنْدَهُ فَوَفَّاهُ حِسَابَهُ ۗ وَاللَّهُ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Ал, күпірлік етушілердің иманға келмегендердің іс-амалдары шөл даладағы сағым сияқты. Шөлдеген адам оны су деп ойлайды. Ал оның қасына келген кезде, ештеңе таппайды. Әрі өзінің жанынан Қиямет күні тек Аллаһты тауып, Ол одан есебін толық алады. Аллаһ есеп алуда жылдам
أَوْ كَظُلُمَاتٍ فِي بَحْرٍ لُجِّيٍّ يَغْشَاهُ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِهِ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِهِ سَحَابٌ ۚ ظُلُمَاتٌ بَعْضُهَا فَوْقَ بَعْضٍ إِذَا أَخْرَجَ يَدَهُ لَمْ يَكَدْ يَرَاهَا ۗ وَمَنْ لَمْ يَجْعَلِ اللَّهُ لَهُ نُورًا فَمَا لَهُ مِنْ نُورٍ
Немесе амалдары терең теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Біреу қолын шығарса да, ол көрінер-көрінбестей. Аллаһ нұр бермегеннің нұры болмайды
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُسَبِّحُ لَهُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالطَّيْرُ صَافَّاتٍ ۖ كُلٌّ قَدْ عَلِمَ صَلَاتَهُ وَتَسْبِيحَهُ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِمَا يَفْعَلُونَ
Ей, Мұхаммед! Аспандардағы және жердегі әрбіреудің әрі қанаттарын жайған құстардың да Аллаһты барлық кемшіліктен пәк деп дәріптейтінін көрмейсің бе? Олардың әрқайсысы өздеріне тән намазы мен дәріптеуін құлшылықтарын біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَإِلَى اللَّهِ الْمَصِيرُ
Әрі аспандардың, жердің билігі Аллаһта. Және қайта оралу да Аллаһқа
أَلَمْ تَرَ أَنَّ اللَّهَ يُزْجِي سَحَابًا ثُمَّ يُؤَلِّفُ بَيْنَهُ ثُمَّ يَجْعَلُهُ رُكَامًا فَتَرَى الْوَدْقَ يَخْرُجُ مِنْ خِلَالِهِ وَيُنَزِّلُ مِنَ السَّمَاءِ مِنْ جِبَالٍ فِيهَا مِنْ بَرَدٍ فَيُصِيبُ بِهِ مَنْ يَشَاءُ وَيَصْرِفُهُ عَنْ مَنْ يَشَاءُ ۖ يَكَادُ سَنَا بَرْقِهِ يَذْهَبُ بِالْأَبْصَارِ
Сен Аллаһтың бұлттарды айдап, кейін оны біріктіретінін, содан кейін оны жинап, қабаттастырып топтағанын көрмедің бе? Сөйтіп, оның арасынан жаңбыр шыққанын көресің. Әрі Ол Аллаһ аспаннан бұршағы бар тауларды бұлттарды түсіріп, оның зиянын қалағанына тигізеді де қалағанынан бұрып қояды. Оның найзағайының жарқылы көздерді ала жаздайды

Choose other languages: