Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #101 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُوا فِيمَ كُنْتُمْ ۖ قَالُوا كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الْأَرْضِ ۚ قَالُوا أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللَّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُوا فِيهَا ۚ فَأُولَٰئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», дейді. Періштелер : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» дейді. Міне, солардың «баспанасы» Жаһаннам. Ол баратын орын қандай жаман
إِلَّا الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ لَا يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلَا يَهْتَدُونَ سَبِيلًا
Алайда, айла-шараға шамасы келмейтін және жол таба алмайтын шамасыз ерлер, әйелдер және балалардың жөні бөлек
فَأُولَٰئِكَ عَسَى اللَّهُ أَنْ يَعْفُوَ عَنْهُمْ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَفُوًّا غَفُورًا
Міне, соларды Аллаһ кешіреді. Аллаһ жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
وَمَنْ يُهَاجِرْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ يَجِدْ فِي الْأَرْضِ مُرَاغَمًا كَثِيرًا وَسَعَةً ۚ وَمَنْ يَخْرُجْ مِنْ بَيْتِهِ مُهَاجِرًا إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ يُدْرِكْهُ الْمَوْتُ فَقَدْ وَقَعَ أَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Кім Аллаһ жолында иманын сақтау үтін қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы Аллаһта. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
وَإِذَا ضَرَبْتُمْ فِي الْأَرْضِ فَلَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَقْصُرُوا مِنَ الصَّلَاةِ إِنْ خِفْتُمْ أَنْ يَفْتِنَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا ۚ إِنَّ الْكَافِرِينَ كَانُوا لَكُمْ عَدُوًّا مُبِينًا
Жер жүзінде сапарда болғандарыңда, күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер, сендерге намазды қысқартуларыңда айып жоқ. Ақиқатында, кәпірлер сендерге анық дұшпан

Choose other languages: