Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #51 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ آمِنُوا بِمَا نَزَّلْنَا مُصَدِّقًا لِمَا مَعَكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ نَطْمِسَ وُجُوهًا فَنَرُدَّهَا عَلَىٰ أَدْبَارِهَا أَوْ نَلْعَنَهُمْ كَمَا لَعَنَّا أَصْحَابَ السَّبْتِ ۚ وَكَانَ أَمْرُ اللَّهِ مَفْعُولًا
Ей, Кітап берілгендер! Біз беттерді сүріп, оны арттарына бұрып жіберуімізден немесе сенбі күнге қатысты тыйымды бұзғандарды лағнет еткеніміздей, оларды лағнет етуімізден бұрын өздеріңдегіні Тәуратты растаушы етіп түсіргенімізге Құранға сеніңдер, Аллаһтың әмірі міндетті түрде орындалады
إِنَّ اللَّهَ لَا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدِ افْتَرَىٰ إِثْمًا عَظِيمًا
Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан өзгені күнәларды қалағанына кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа бір нәрсені серік етсе, ол үлкен күнәні ойдан құрастырған болады
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ يُزَكُّونَ أَنْفُسَهُمْ ۚ بَلِ اللَّهُ يُزَكِّي مَنْ يَشَاءُ وَلَا يُظْلَمُونَ فَتِيلًا
Ей, Мұхаммед! Өздерін таза санайтындарды көрмедің бе? Жоқ! Керісінше, Аллаһ қалаған пендесін тазартады. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік етілмейді
انْظُرْ كَيْفَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ ۖ وَكَفَىٰ بِهِ إِثْمًا مُبِينًا
Олардың Аллаһқа қалай өтірікті құрастырып жала жауып отырғандарына қара. Ал, бұл анық күнә ретінде жеткілікті
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَٰؤُلَاءِ أَهْدَىٰ مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلًا
Кітаптан үлес берілгендердің сиқырға әрі тағұтқа сенетінін және күпірлік етушілер серік қосушы имансыздар туралы: «Бұлар жол ұстануда иманға келгендерден әлдеқайда тура», деп айтатындарын көрмедің бе

Choose other languages: