Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #42 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ يُنْفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ ۗ وَمَنْ يَكُنِ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا
Әрі солар мал-дүниелерін адамдарға көрсету үшін ғана жұмсайтын және Аллаһқа да, Ақирет күніне де сенбейді. Кімнің бірге жүретіні жолдасы шайтан болса, ол жолдасы қандай жаман
وَمَاذَا عَلَيْهِمْ لَوْ آمَنُوا بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَأَنْفَقُوا مِمَّا رَزَقَهُمُ اللَّهُ ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِهِمْ عَلِيمًا
Егер де олар Аллаһқа және Ақирет күніне сеніп, Аллаһтың өздеріне ризық етіп бергендерінен жұмсаса, не зиян көрер еді? Аллаһ оларды Білуші
إِنَّ اللَّهَ لَا يَظْلِمُ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ ۖ وَإِنْ تَكُ حَسَنَةً يُضَاعِفْهَا وَيُؤْتِ مِنْ لَدُنْهُ أَجْرًا عَظِيمًا
Ақиқатында, Аллаһ заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай да әділетсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, Ол оны еселеп арттырады және Өзінен бір ұлы сый береді
فَكَيْفَ إِذَا جِئْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ بِشَهِيدٍ وَجِئْنَا بِكَ عَلَىٰ هَٰؤُلَاءِ شَهِيدًا
Біз әрбір үмметтен бір куә келтіргенімізде және сені осылардың үстінен куә етіп келтіргенімізде жағдайлары қалай болар екен
يَوْمَئِذٍ يَوَدُّ الَّذِينَ كَفَرُوا وَعَصَوُا الرَّسُولَ لَوْ تُسَوَّىٰ بِهِمُ الْأَرْضُ وَلَا يَكْتُمُونَ اللَّهَ حَدِيثًا
Сол күні күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер әрі Елшіге бағынбағандар жердің өздерімен тегістеліп кетуін қалайды. Олар Аллаһтан бір де бір сөзді жасыра алмайды

Choose other languages: