Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #143 Translated in Kazakh

الَّذِينَ يَتَّخِذُونَ الْكَافِرِينَ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِ الْمُؤْمِنِينَ ۚ أَيَبْتَغُونَ عِنْدَهُمُ الْعِزَّةَ فَإِنَّ الْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا
солар имандыларды қойып, кәпірлерді дос, жақын тұтады. Сонда олардан күш-құдірет іздей ме? Шын мәнінде күш-құдірет түгелімен Аллаһтікі
وَقَدْ نَزَّلَ عَلَيْكُمْ فِي الْكِتَابِ أَنْ إِذَا سَمِعْتُمْ آيَاتِ اللَّهِ يُكْفَرُ بِهَا وَيُسْتَهْزَأُ بِهَا فَلَا تَقْعُدُوا مَعَهُمْ حَتَّىٰ يَخُوضُوا فِي حَدِيثٍ غَيْرِهِ ۚ إِنَّكُمْ إِذًا مِثْلُهُمْ ۗ إِنَّ اللَّهَ جَامِعُ الْمُنَافِقِينَ وَالْكَافِرِينَ فِي جَهَنَّمَ جَمِيعًا
Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы
الَّذِينَ يَتَرَبَّصُونَ بِكُمْ فَإِنْ كَانَ لَكُمْ فَتْحٌ مِنَ اللَّهِ قَالُوا أَلَمْ نَكُنْ مَعَكُمْ وَإِنْ كَانَ لِلْكَافِرِينَ نَصِيبٌ قَالُوا أَلَمْ نَسْتَحْوِذْ عَلَيْكُمْ وَنَمْنَعْكُمْ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ ۚ فَاللَّهُ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ ۗ وَلَنْ يَجْعَلَ اللَّهُ لِلْكَافِرِينَ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ سَبِيلًا
Солар мұнафиқтар сендерді аңдып, егер сендерге Аллаһтан бір жеңіс болса: «Біз де сендермен бірге емес пе едік?» дейді. Ал, егер кәпірлерге бір үлес тисе: «Біз сендерден үстем болып, өздеріңдіиманға келгендерден қорғамадық па?» дейді. Аллаһ араларыңа Қайта тірілу күні үкім қылады. Аллаһ имандыларға мүміндерге қарсы ешқашан кәпірлерге жол бермейді
إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُوا إِلَى الصَّلَاةِ قَامُوا كُسَالَىٰ يُرَاءُونَ النَّاسَ وَلَا يَذْكُرُونَ اللَّهَ إِلَّا قَلِيلًا
Ақиқатында мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады, алайда Аллаһ олардың өздерін алдандырып қояды. Олар намазға тұрғандарында, салғырт күйде адамдарға көріну үшін тұрады әрі олар Аллаһты өте аз еске алады
مُذَبْذَبِينَ بَيْنَ ذَٰلِكَ لَا إِلَىٰ هَٰؤُلَاءِ وَلَا إِلَىٰ هَٰؤُلَاءِ ۚ وَمَنْ يُضْلِلِ اللَّهُ فَلَنْ تَجِدَ لَهُ سَبِيلًا
Олар мұнафиқтар не бұлардың Мұсылмандардың не олардың кәпірлердің жағында болмай, екі арада екіұшты күйде құбылып жүреді. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешқашан жол таппайсың

Choose other languages: