Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Naml Ayahs #24 Translated in Kazakh

وَتَفَقَّدَ الطَّيْرَ فَقَالَ مَا لِيَ لَا أَرَى الْهُدْهُدَ أَمْ كَانَ مِنَ الْغَائِبِينَ
Әрі ол Сүлеймен құстарды түгендеді де: «Неге бәбісекті һудһудты көрмей тұрмын, әлде ол келмей қалғандардан болды ма
لَأُعَذِّبَنَّهُ عَذَابًا شَدِيدًا أَوْ لَأَذْبَحَنَّهُ أَوْ لَيَأْتِيَنِّي بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ
Сөзсіз, мен оны қатты азаппен қинаймын немесе оны бауыздаймын, не ол маған үзірі үшін анық бір дәлел келтірсін», деді
فَمَكَثَ غَيْرَ بَعِيدٍ فَقَالَ أَحَطْتُ بِمَا لَمْ تُحِطْ بِهِ وَجِئْتُكَ مِنْ سَبَإٍ بِنَبَإٍ يَقِينٍ
Сонда ол бәбісек көп кешікпей келіп: «Мен сен білмеген бірнәрсені білдім әрі саған Сәба жұртынан бір анық хабар алып келдім
إِنِّي وَجَدْتُ امْرَأَةً تَمْلِكُهُمْ وَأُوتِيَتْ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ وَلَهَا عَرْشٌ عَظِيمٌ
Ақиқатында Оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. Оған барлық нәрседен берілген және оның орасан үлкен тағы бар
وَجَدْتُهَا وَقَوْمَهَا يَسْجُدُونَ لِلشَّمْسِ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ أَعْمَالَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ السَّبِيلِ فَهُمْ لَا يَهْتَدُونَ
Мен оның елінің Аллаһқа емес, күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі көрсету арқылы, жолдан бұрған. Олар тура жолмен жүріп келе жатқан жоқ

Choose other languages: