Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #90 Translated in Kazakh

وَإِذَا رَأَى الَّذِينَ أَشْرَكُوا شُرَكَاءَهُمْ قَالُوا رَبَّنَا هَٰؤُلَاءِ شُرَكَاؤُنَا الَّذِينَ كُنَّا نَدْعُو مِنْ دُونِكَ ۖ فَأَلْقَوْا إِلَيْهِمُ الْقَوْلَ إِنَّكُمْ لَكَاذِبُونَ
Аллаһқа серік қосқандар, сол қосқан серіктерін қайта тірілу күні көрген кез­де: «Раббымыз! Біздің Сенен өзге тілеп-табыңғандарымыз осылар», дейді. Сонда олар бұларға: «Шындығында, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», -деп тіл қатады
وَأَلْقَوْا إِلَى اللَّهِ يَوْمَئِذٍ السَّلَمَ ۖ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Әрі ол қайта тірілу күні олар Аллаһқа бойсұна қалады. Ал олардың ой­дан шығарған нәрселері жоқ болып кетеді
الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ زِدْنَاهُمْ عَذَابًا فَوْقَ الْعَذَابِ بِمَا كَانُوا يُفْسِدُونَ
Сондай күпірлік еткендерге Аллаһтың бірлігін мойындамағандарға әрі Аллаһтың жолынан тосқандарға бұзу-бүлдірушіліктері үшін азап үстіне азап арттырдық
وَيَوْمَ نَبْعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا عَلَيْهِمْ مِنْ أَنْفُسِهِمْ ۖ وَجِئْنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَٰؤُلَاءِ ۚ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِكُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرَىٰ لِلْمُسْلِمِينَ
Ол күні әрбір үмметтің ішіне, оларға қарсы өз араларынан куә елшілерді жібереміз. Ей, Мұхаммед! Әрі сені мыналарға қарсы куә етіп келтіреміз. Біз саған Кітапты Құранды әрбір нәрсенің түсіндірмесі және Мұсылмандар бойсұнушылар үшін жолбасшы тура жолды ұстануға басшылық ,мейірім әрі қуанышты хабар етіп түсірдік
إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالْإِحْسَانِ وَإِيتَاءِ ذِي الْقُرْبَىٰ وَيَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ وَالْبَغْيِ ۚ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Ақиқатында, Аллаһ әділдікті, ықыласпен жақсылық етуді және туысқандарға жақсылық істеуді пъбұйырады. Әрі Ол жиіркенішті істерден және қайтарылған нәрселерден әрі зиян келтіруден тыяды. Ол сендерге осыларды еске алуларың үшін насихат етеді

Choose other languages: