Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #124 Translated in Kazakh

إِنَّ إِبْرَاهِيمَ كَانَ أُمَّةً قَانِتًا لِلَّهِ حَنِيفًا وَلَمْ يَكُ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ақиқатында, Ибраһим үлгі тұтатын жетекші, Аллаһқа беріле бойсұнушы, ханиф еді. Әрі ол серік қосушылардан Аллаһпен қатар өзгелерге табынушы болмады
شَاكِرًا لِأَنْعُمِهِ ۚ اجْتَبَاهُ وَهَدَاهُ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Ол Ибраһим Оның игіліктеріне шүкір етуші Раббысының бергендеріне алғыс білдіруші еді. Ол Аллаһ оны таңдады әрі тура жолмен жүргізді
وَآتَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ол ізгілерден болады
ثُمَّ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ أَنِ اتَّبِعْ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۖ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік
إِنَّمَا جُعِلَ السَّبْتُ عَلَى الَّذِينَ اخْتَلَفُوا فِيهِ ۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Ақиқатында, «сенбі күн» ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді

Choose other languages: